Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Назарбаев Астанада ұлын үйлендірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ халқының намысына тиген қос қырғыз қызы халықтан кешірім сұрады

Қазақ халқының намысына тиген қос қырғыз қызы халықтан кешірім сұрады
Фото: ozgeris.info

Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Қырғызстанның екі студенті әлеуметтік желіде тараған даулы пікірлерінен кейін қазақ халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жанжал Pan VASYL YouTube арнасының авторымен Чат-Рулеткадағы әңгімеден кейін басталған. Эфир кезінде студенттердің бірі қазақ пен қырғыз халықтарының тарихы, тілі және дәстүріне қатысты пікір білдіріп, қазақтардың кейін пайда болғанын және кейбір мәдени ерекшеліктердің қырғыздардан тарағанын айтқан.

Студенттердің сөздері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың сынына ұшырады. Кейбір қолданушылар олардың Қазақстаннан шығарылуын талап етсе, енді бірі жағдайға Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша құқықтық баға беруді ұсынды.

Кейін студенттер Арууке мен Медина арнайы видеоүндеу жариялап, айтқан сөздерінің дұрыс болмағанын мойындады. Олар қазақ халқының намысына тиетін пікір білдіргендері үшін шын жүректен кешірім сұрап, өз жауапкершілігін түсінетінін жеткізді.

Студенттер блогер тарапынан арандатушылық сұрақтар қойылғанын айтқанымен, бұл өз сөздерін ақтамайтынын атап өтті. Олар қазақ халқына, ұстаздары мен ата-аналарына мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына уәде берді.

Оқиғаға қатысты әзірге Астана қаласының полиция департаменті ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.