Екінші кезеңде екі құрама да бірден алға ұмтылды. Украиндық футболшылар есепті ұлғайтуды көздесе, қазақстандықтар таразы басын теңестіруді мақсат тұтты. Осындай сәттердің бірінде 59-минутта Серікжан Мужиков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Осылайша Қазақстан құрамасы іріктеу сатысындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Аталған топта Франция сырт алаңда Босния және Герцоговинадан 1:0 есебімен басым түсті. Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Енді аталған топтағы ойындар 1 қыркүйекте өткізіледі. Бұл күні өз алаңында Қазақстан Украинаны қабылдаса, Босния және Герцоговина Франциямен шеберлік байқасады.View this post on Instagram
"Менің фигурамды бұзып": Мақпал Жүнісова туған күнін құттықтаған жұртқа алғыс айтты
11 қаңтар, 2026