KZNews.kz
Жаңалықтар

Танымал әдебиет сыншысы Ғалым Доскен өмірден өтті

Қайсар Қанат
pixabay.com

Бүгін белгілі филолог, әдебиет сыншысы, режиссер және сценарист Ғалым Доскен өмірден озды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ғалым Доскен 1960 жылдың 19 шілдесінде дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдап, өмірін шығармашылық пен телевизия саласына арнады.

Мамандық жолын ол журналистика мен режиссура бағытында жалғастырып, еліміздің ақпарат және мәдениет кеңістігінің дамуына үлкен үлес қосты.

Еңбек жолы:

Ғалым Доскен көрерменге танымал бірнеше фильмдердің авторы әрі режиссері болды. Оның еңбектерінің қатарында – "Сәулені күту", "Ұлы дала астаналары", "Маңғыстау қабірлерінің түсі", "Жоғалған жарық хроникасы" сияқты туындылар бар.

Сондай-ақ ол "Тоғыз құйрықты ақ түлкі", "Сиқырлы флейта", "Билейтін құс" атты кітаптардың, "Жезтырнақ" балетінің либреттосының және бірқатар аудармалардың авторы ретінде де кеңінен танылды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары