Nickelodeon және Cartoon Network арналарына арналған анимациялық сериалдардың саундтректерін жазған белгілі композитор Гай Мун 63 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды kznews.kz.
Америкалық композитор Гай Мун "Дэнни-призрак", "Волшебные покровители", "Джонни Браво" сияқты танымал мультсериалдардағы еңбегімен кеңінен танылған. Hollywood Reporter басылымының мәліметінше, ол 2026 жылғы 8 қаңтарда Калифорния штатында жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқан. Қайғылы хабарды композитордың отбасы мен ресми дереккөздер растады.
Мультсериалдардан бөлек, Гай Мун "Big Time Rush" жобасына, Netflix платформасындағы "Johnny Test" сериалының жаңартылған нұсқасына, сондай-ақ "Back at the Barnyard", "Cow and Chicken" және "The Grim Adventures of Billy & Mandy" туындыларына музыка жазған.
Гай Мун 1990-2000 жылдары теледидар саласындағы ең танымал композиторлардың бірі болды. Ол мультсериалдарға арналған фондық және экшн-музыкаларымен олардың өзіндік атмосферасын қалыптастырды. Оның шығармашылығы әсіресе Nickelodeon мен Cartoon Network көрермендеріне жақсы таныс.
Әріптестері мен жанкүйерлерінің айтуынша, Гай Мунның музыкасы тұтас бір буынның балалық шағының ажырамас бөлігіне айналып, әлі күнге дейін алғашқы әуенінен-ақ танылатын деңгейде есте қалды.