KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қазақша ән шырқаған орыс жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

• Данияр

Қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақша әндерді орындап отырған орыс жігітінің видеосы Қазнетте кең тарады. Tengrinews.kz тілшісі әнші баламен сұхбаттасты.

Видеоның басты кейіпкері — Виталий Сергеев. Ол 1996 жылы туған. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы жетімдер үйінде өскен. 16 жасынан бастап Кербұлақ ауданы, Байғазы ауылында тұрып келе жатыр.


"Туған әке-шешемді білмеймін. Қазіргі таңда мені бағып алған ата-анаммен тұрамын. Байғазы ауылында жекеменшік мал шаруашылығымен айналысамыз. Көбіне жылқы ұстаймыз", — дейді Виталий.

Виталийдің TikTok желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса көрермені бар.


Оның видеоларына 140 мыңнан аса лайк басылған.

Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →