Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша ән шырқаған орыс жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

Қазақша ән шырқаған орыс жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

Қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақша әндерді орындап отырған орыс жігітінің видеосы Қазнетте кең тарады. Tengrinews.kz тілшісі әнші баламен сұхбаттасты.

Видеоның басты кейіпкері — Виталий Сергеев. Ол 1996 жылы туған. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы жетімдер үйінде өскен. 16 жасынан бастап Кербұлақ ауданы, Байғазы ауылында тұрып келе жатыр.

@vitya.bСіз сиға тартқан орамал Амандос Елтай♬ оригинальный звук - Бауыржанулы Виталик

"Туған әке-шешемді білмеймін. Қазіргі таңда мені бағып алған ата-анаммен тұрамын. Байғазы ауылында жекеменшік мал шаруашылығымен айналысамыз. Көбіне жылқы ұстаймыз", — дейді Виталий.

Виталийдің TikTok желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса көрермені бар.

@vitya.b##рек##ауылым##врекомендации♬ оригинальный звук - Бауыржанулы Виталик

Оның видеоларына 140 мыңнан аса лайк басылған.

Автор
Данияр