МӘМС жүйесінде 4 млрд теңге, жекеменшік мектептерден 8 млрд теңге үнемделді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ анимациясы АҚШ-та топ жарды: KÖLEÑKE халықаралық фестиваль жүлдегері

Қазақ анимациясы АҚШ-та топ жарды: KÖLEÑKE халықаралық фестиваль жүлдегері
Фото: kznews AI

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған KÖLEÑKE (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен Portland Festival of Cinema, Animation & Technology (PFCAT) халықаралық фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік» үшін қазылар алқасының Арнайы жүлдесін иеленді.

Фестиваль сарапшылары KÖLEÑKE жобасының өзіндік авторлық қолтаңбасы мен бірегей көркемдік эстетикасын жоғары бағалады. Бұл марапат қазақстандық анимацияның халықаралық фестивальдердегі кезекті жетістігі болды.

KÖLEÑKE жобасының негізгі шығармашылық тобы:

Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев

Қоюшы режиссер – Мақсат Аяпов

Қоюшы суретші – Даир Жиенқұлов

Атқарушы продюсер – Нұржігіт Сұлтанберді.

Айта кетейік, фестивальге KÖLEÑKE-мен бірге «Қазақанимацияның» тағы екі туындысы – Su perisi фолк-хорроры мен Shańyraq драмасы қатысып, халықаралық аудиторияға алғаш рет ұсынылды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.