Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қаза тапқан сарбаздың денесінен шәует табылғанын хабарлаған адвокатқа айып тағылды

Қаза тапқан сарбаздың денесінен шәует табылғанын хабарлаған адвокатқа айып тағылды

20 қаңтарда қылмыстық іс бойынша сержант Пралиевтің адвокаты мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсауы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Дәл сол жерде ол үш сот-медициналық сараптама жүргізілгенін хабарлады – біреуі Таразда, екеуі Алматыда. Қайтыс болған адамның ауыз қуысында және киімінде өзіне тиесілі емес ерлер биоматериалдары тапбылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, ПРАЛИЕВТІҢ ДНҚ-сы табылмады.

"Адвокат қылмыстық істің деректерін жария етіп, шындыққа сәйкес келмейтін өз тұжырымдарымен және жалған хабарламалармен толықтырды. Сонымен қатар ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуі тиіс", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Қылмыстық қудалау органдары адвокатты кәсіби этика нормаларын бұзды деп айыптайды және қызметтік тергеу жүргізуді сұрайды. Өтініш ҚР Әділет министрлігіне жолданды.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото: tengrinews.kz, Алихан Сариев

Автор
Нұрсұлтан