Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер сотта жылап жіберді

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер сотта жылап жіберді

Қарағандыда әлеуметтік және ұлттық араздық қоздырды деп айыпталған 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі аяқталуға жақын, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс судья Арғын Құтышевтың төрағалығымен қысқартылған тәртіпте қаралып жатыр. Айыпталушы сот барысында өз кінәсін толық мойындап, соңғы сөзінде өкінетінін және жеңіл жаза қолдануды сұрады.

«Мен тағы да ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұраймын. Өте қатты ұялып тұрмын, не айтарымды да білмеймін. Шын жүректен өкінемін. Соттан үкім шығару кезінде менің кінәмді мойындағанымды, шын өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескерсеңіздер екен деймін», – деді Алика Мұхамадиева.

Айыпталушы өз сөзінде өмірге, отбасы мен балаға деген көзқарасының өзгергенін де атап өтті.

«Адам қолда бардың қадірін оны жоғалтқанда ғана түсінеді. Бұрын мақсатқа ұмтылып, жетістікке жетуді ғана ойлайтынмын, ал өмір сүрудің мәнін байқамай қалыппын. Қызымды жиі ата-анама қалдыратынмын. Қазір бәрінен бас тартуға дайынмын, тек оның қасында болсам екен», – деді ол.

Сот үкімі бүгін, 17:00-де жарияланатыны хабарланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.