Ол сотталушыға тағайындалған жазаны жеңілдетуге болар еді деп есептейтінін жазды, деп хабарлайды kznews.kz
Айдарбекова бұл іс бойынша Жақсыгенді жақын танымайтынын, алайда оның артында ата-анасы мен бала-шағасы барын ескергенін айтқан.
“Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс-ау, кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін”, – деп жазды ол.
Продюсер Жақсыген жазасыз қалсын демейтінін де атап өтті. Алайда 2 жыл 3 айдың орнына жеңілірек жаза тағайындауға болар еді деген пікір білдірді.
“Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп, 2 жарым жыл емес, 1 жыл да жеткілікті ме дегенім ғой. Ол жақтан түзеліп емес, қаны безер болып, бұзылып келуі де мүмкін ғой. Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін, қандай адам екенінен де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар, ешкім жыламаса дегенім ғой”, – деді Гүлзира Айдарбекова.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенді Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша кінәлі деп танығаны хабарланған еді.
Сот үкімімен ол 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.