Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі неге екі сөзден тұрады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі неге екі сөзден тұрады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

195 0 0

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз есімі туралы "Әке туралы толғаныс" атты кітабында жазады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Тоқаевтың есімін майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев белгілі жазушы, қаламгер болғаны көпшілікке белгілі. Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болған. Алайда ол 1942 жылдың ақпанында Ұлы Отан соғысында қаза тауып,  Кемел 18 жасында тұл жетім қалған. Жалғыз бауырының қазасы Кемел Тоқаевтың өміріндегі ең қиын кезең болыпты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әке туралы толғаныс" атты кітабында жазады. Президенттің есімі қан майданда опат болған ағасының құрметіне қойылыпты.

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", - деп жазады Тоқаев кітабында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 20 наурызында ел халқына ант беріп, Қазақстан президенті болды.


sputniknews.kz
Автор
Жандос