Желіде анасы әзірлеп берген тамақты жей алмай отырған баланың видеосы тарап кетті.
Видео кадрларында бүлдіршін бутербродты жей алмай отырғаны үшін мұңайып, жылап қалды. Оның сөзінше, тамақтағы шұжық «қашып кете береді».
«Бутербродқа не болғанын қарашы!» – дейді ол жыламсырап.
Артынша бүлдіршін анасынан шұжықты ұстап тұруын сұрады.
Өз кезегінде анасы кішкентай ұлын мұндай қиындықпен жалғыз қалдырмай, тамақтануына көмектесті.