Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарулы солдат әскери бөлімнен қашып кетті

Қарулы солдат әскери бөлімнен қашып кетті

Солдат қарумен Атыраудағы № 41433 әскери бөлімнен қашып кетті. Оны ұстау үшін ҰҚК мен "Арлан" арнайы бөлімшесінің қызметкерлерін тартуға тура келген.

8 мамырға қараған түні осы бөлімде небәрі 20 күн қызмет еткен 19 жастағы қатардағы жауынгер өз еркімен қызметінен кетіп, белгісіз бағытқа қашып кеткее. Ол өзімен бірге АК — 47 автоматы мен 120 оқ-дәріні ала шыққан.

"2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде бекітілген қарумен мерзімді қызмет әскери қызметшісін қысқа мерзімге өз бетімен шығып кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлімнің орналасқан жерінде, зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді",-деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.
Автор
Нұрсұлтан