"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаруға ұқсас затпен қайыр сұрап жүрген әйел ақтаулықтарды шошытты

Қаруға ұқсас затпен қайыр сұрап жүрген әйел ақтаулықтарды шошытты

Қаруға ұқсас затпен қайыр сұрап отырған әйел ақтаулықтарды шошытты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Әйел Маңғыстау энергетикалық колледжі маңында жүрген. Видео түсірген жүргізуші әйелдің қолында тапаншаға ұқсас зат бар екенін айтты, деп жазады Lada.kz.

"Көлік терезесін бірден жаптым. Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Жүргізуші ақша бермесе, қоқан-лоқы көрсете ме сонда?", - дейді видео авторы.

Ақтау қаласының полиция департаментіндегілер әйелдің жеке басын анықтады. Оның тұрғылықты мекенжайы жоқ.




 

Әйел полицияға жеткізілді. Ол ойыншық тапанша ұстап жүрген. Қала тұрғындарынан шағым түспені айтылып отыр.

Алайда оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабына сәйкес іс қозғалды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Автор
Айбар