Ақпаратқа қарағанда, оқиға Көкқайнар ауылындағы мектепте 10 және 11 сынып оқушылары арасындағы футбол ойынан кейін болған.
Бұған дейін Таразда да пышақ жарақатынан колледж студенты бақилық болды.
Жамбыл жұртшылығы әлеуметтік желілерде мұндай оқиғалар жыл сайын қайталанатынын айтып, билік өкілдерінің қауқарсыз екенін жазуда. Себебі оқиға заң шеңберінде шешілгенмен, қоғамдағы дерт жара күйінде қалып қойып жатыр.
– Жамбыл облысында оқушы өлді деген ақпаратқа дым елең етпейтін болғанбыз. Себебі 25 жыл бұрын мен оқыған Қаратауда да, облыс орталығы Таразда да мұндай оқиға қалыпты болатын. Әлі де сол, – дейді журналист Асқар Беков.
Ол қоғамның дым өзгермегінін айтып, ұлт тәрбиесіндегі жылдар бойы шешілмеген дертті жеткізді.
– Бала үйдегі ата-ананың айнасы, қанша өзіңді жасырсаң да, балаң сені айна-қатесіз етіп көрсетіп қояды. Ең сорақысы сен қылмыс істеген балаңды қорғайтыныңда. Себебі сенің тәрбиеңде ақау болмаған деп есептейсің. Өзіңді де, балаңды да алдайсың. Ал бала әке-шешесі қорғайтынын 100 пайыз сезеді. Осы ұйықта қоғам тәуелсіздік алғаннан бері жүр.
Жамбыл билігі құқық қорғау органдармен бірге бұл мәселені «жылдам шешетініне» күмән жоқ. Бәрін ұсталған балаға жаба салады немесе тағы басқа сценарии болуы мүмкін, сонымен болды. Ал сол бала оқыған білім ордасының директоры тез арада «оқиға мектеп аумағында боламаған» деп ақпарат таратып, басын алып қашады.
Шын мәнісінде мектептердің бәрінде, әсіресе жоғарғы сынып оқушылары арасында «бардак». Ақша жинау, әлсіздерді қорқытып үркіту, стукачтарды «черт» етіп буллингпен қысу, – деді журналист.
Облыстағы бар мәселе әкімге келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан жергілікті тұрғындар Жамбыл облысы әкімі Қарашөкеевтен мектептердегі жасырын мәселемен күресіп, ұлттың болашағына балта шабылуы мүмкін дертті анықтауды талап етеді.