KZNews.kz
Жаңалықтар

Қаралы хабар! Дінмұхамед Қонаевтың жиені 84 жасында өмірден өтті

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Көрнекті энергетик, мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың танымал инженерлерінің бірі, Алтай Қадыржанов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қор баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қордың хабарламасында Алтай Камалұлының жоғары мәдениетімен, сирек кездесетін адалдығымен ерекшеленгені атап өтілген. Ол Қазақстанның энергетикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан жасампаз буын өкілдерінің қатарында болды.

Мәліметке сәйкес, Қадыржанов кәсіби жолында жеке амбицияны емес, жауапкершілік пен принципшілдікті басты орынға қойған. Дінмұхамед Қонаевтың жиені бола тұра, ол ешқандай артықшылыққа сүйенбей, беделін тек білімімен, іскерлігімен және қажырлы еңбегімен дәлелдеген.

Қор өкілдерінің айтуынша, оның басшылығы кезеңінде энергетика саласындағы маңызды нысандар дамып, жылу және электрмен қамтамасыз ету жүйесінде жүйелі шешімдер қабылданды. Бұл жұмыстар елдің болашақ дамуына берік негіз қалады.

Сонымен қатар Алтай Камалұлы тек білікті инженер ғана емес, кең ойлы, зиялы тұлға ретінде танылды. Ол күрделі кезеңдердің өзінде мәдениет пен ғылымға қолдау көрсетіп, ұлттық бастамаларға демеушілік жасаған меценат болған.

Алтай Қадыржанов – КСРО-ның құрметті энергетигі, «Құрмет» орденінің иегері және ХХ ғасырдың көрнекті инженерлерінің бірі ретінде мойындалған тұлға.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →