Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті
Фото: Молекулалық биология және биохимия институты

Қазақстан ғылымы тағы бір көрнекті тұлғасынан айырылды. Танымал микробиолог-ғалым, профессор, Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы Рауза Қонаева 91 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Ол марқұмның адами болмысы мен ұстаздық келбетін ерекше ілтипатпен еске алды.

«Рауза Қонаева әрдайым адаммен ашық, тура сөйлесетін жан еді. Айтар ойын таразылап, тыңдаушысына шын мәнінде қажет сөзді таба білетін. Жүзінен жылылық кетпейтін, өз ішіндегі уайымын ешқашан білдірмейтін», – деп жазды депутат.

Рауза Қонаева 1934 жылы Алматы облысының Шілік ауылында дүниеге келген. 1952 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология және топырақтану факультетіне оқуға қабылданып, 1956 жылы оны үздік аяқтады.

Сол жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстанның Ғылым академиясында табан аудармай еңбек етіп, отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосты.

 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі