Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыдағы қайғылы жағдай: анасы мен 12 жастағы қызы өлі табылды

Қарағандыдағы қайғылы жағдай: анасы мен 12 жастағы қызы өлі табылды
depositphotos.com

Қарағанды қаласында әйел мен оның 12 жастағы қызы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылған.

Полицияның мәліметінше, олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

"Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтаған. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша шаралар қолға алынған.

Көршілердің айтуынша, күдікті – марқұм әйелдің бірге тұрған ер адамы болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер