Абылай хан Цин империясына алым-салық төлеген бе? Семейде тарихи шындық айтылған ғылыми еңбек жарық көрді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам қайтыс болды

Қарағандыда үй өртеніп, 2 адам қайтыс болды

Қарағандыда 1 қаңтар күні тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 қаңтар күні сағат 01-32-де өртке қарсы қызметтің кезекшілік нөміріне Қарағанда қаласы, Октябрь ауданы Болотная көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сағат 02-28-де ауыздықталып, 03-13-те толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнынан 1961 және 1957 жылы туған екі адамның мәйіті табылды.

Куәгерлердің сөзінше, құрбан болғандар спирттік ішімдік ішкен. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Бауыржан