Саяси қуғын-сүргін сюжеті: қызыл террордан қашып құтылған адам
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда екі үндістандық студент қаза тапты

Қарағандыда екі үндістандық студент қаза тапты
Фото: Ашық дереккөз

Қарағанды қаласындағы Федоровское су қоймасында шетелдік екі азамат қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиға 30 мамыр күні түстен кейін болған. Суға батып кеткендердің екеуі де Үндістан мемлекетінен келіп, жергілікті жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер екені анықталды.

Оқиға орнына жеткен қарағандылық құтқарушылар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қаза тапқан 21 және 22 жастағы жігіттердің денесін судан алып шықты. Студенттердің мәйіттері жағалаудан 15 метрдей қашықтықта, шамамен бес метр тереңдіктен табылған. 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.