5 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус апатқа ұшырады. Көлікте 50 адам болған, олардың 30-дан астамы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, құтқару жұмыстарын жүргізді. Үш зардап шеккен адам «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен Қарағандыдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сонымен қатар, тағы 30 адам Ботақара кентінің ауруханасына жатқызылды.
Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ бақылауында.
Апат салдарын жоюға құтқарушылар, медицина қызметкерлері, «Қазавиақұтқару» мамандары мен полиция жұмылдырылды.