Байқау қорытындысында Гран-при жүлдесі мен 350 000 теңге сыйлыққа Ақтоғай ауданының Ә. Бөкейханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Перизат Жексенбаева ие болды.
Бірінші орын және 200 000 теңге «Білім-Инновация №1» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Жақсылық Ақанға бұйырды.
Екінші орын және 150 000 теңге Абай ауданының А. Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гмназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшат Ағайдароваға берілсе, 3-орын және 100 000 теңгенің сертификаты Шахтинск қаласындағы №3 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Людмила Цейге тапсырылды.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды