KZNews.kz
Жаңалықтар

"Қара шаңырақтың киесі еді": Нұрғали Нүсіпжанов марқұм енесіне ерекше жазба арнады (ФОТО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек толқытар жазба жариялап, марқұм енесіне әсерлі сөздерін арнады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Қара шаңырақтың киесі болған ізгілік иесі еді анамыз… Жұдырықтай жүрегіне Жадырамның Жүрек-Жардысына қатысқан қарағайдай-қарағайдай бар қазақты сыйғызған періште-анамыздың фәниден бақиға аттанғанын естіп, көңіл білдіріп жатқан өнер мен мәдениеттің, әдебиеттің алыптарына алғыс айтып, рахметімді жеткізгім келеді… Анамыз тектінің тұяғы,асылдың сынығы еді,ақынжанды еді, ақылман еді,тіршілігінде ар-ұжданды бәрінен биік қойды. Соған қарамай пендешіліктен ада періште қалпында қайтты Раббысына... Жазған, сызған дүниесі мол. Архив жетерлік. Солардың бір парасын парақшама салсам деймін… Балапандай баптап, қызғыштай қорғаған балаңызға шығарған бір өлеңіңізден бастайық,әзірше…

Желбіреп кеше ғана тұлымшағың,
Мектепке жүгіруші ең құлыншағым.
Толыпсың он жетіге бүгін міне,
Тілегім:Жарқын болсын болашағың…
Он жеті армандарға жетелеген,
Алдыңнан аңсаған ту желбіреген
Алғашқы баспалдағын тұрсың басып,
Жете көр мақсатыңа жетем деген
Аналық ақ тілегім қабыл болып,
Әруағы ата-баба қолдап жүрсін.
Жүргенде шалғай жерде құлыншағым,
Ғайып Ерен-Қырық Шілтен қорғап жүрсін.
Сары ауыз балапаным қанаттанған,
Білімің ақылыңа серік болсын.
Қасыңда мен үнемі жүрмеймін ғой,
Жазғаным ақ тілекті соның үшін
Анаға әр уақытта бала қымбат,
Нәрсе дейді екі түрлі сыр мен сымбат.
Данышпан Абай атаң жазып кеткен,
Жаным-ау:Ойын-арзан,күлкі-қымбат…", – делінген Нұрғали Нүсіпжановтың жазбасында.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары