Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қар, көктайғақ, боран: 5 желтоқсанға арналған ауа райы

Қар, көктайғақ, боран: 5 желтоқсанға арналған ауа райы

«Қазгидромет» синоптиктері 5 желтоқсан, сенбі күні ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын айтты.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады. Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Автор
Еркебұлан