Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қар астында қалып қойған баланы ит тауып алды

Қар астында қалып қойған баланы ит тауып алды

Баланы Жетро деген із кескіш ит тауып алған. 

Францияда тау шаңғысы курортында қар көшкіні астында қалған он екі жасар баланы іздеу бір сағатқа созылды, деп хабарлайды Савойя жандармериясы. 

"Бір сағат бойы қар астында жатқан баланы Жетро деген із кескіш ит пен сержант Рафаэль С. тауып алды. Оған қошемет көрсетейік, себебі 15 минуттан соң қар астынан тірі адамды табу — таңғажайып оқиға", — деп атап өтті құқық қорғаушылар Twitter желісінде.

Бірнеше жасөспірім Ляплань станциясындағы шаңғы тебуге болмайтын жерге шығып кеткендіктен, баланы іздеу ұзаққа созылыпты. Оның үстіне жасөспірімнің күртесінде қар астында қалғандарды табуға көмектесетін арнайы детектор болмаған. Бельгиялық овчарка Жетро қызметтік мансабында алғаш рет адам құтқарыпты.

Дереккөз: Sputnik

Автор
Санжар