Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Солтүстік Қазақстанда жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Солтүстік Қазақстанда жолда қалып қойған адамдар құтқарылды

Сынып қалған көліктің үш жолаушысын полицейлер даладан іздеп тапты

ПЕТРОПАВЛ, 25 желтоқсан — Sputnik. Кеше Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері елді мекендерден алыс жерде бұзылып қалған Chevrolet Niva көлігінің үш жолаушысын құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент кезекшісі полицияға хабарласып, түнгі 23:30-да үш ауыл тұрғыны, біреуі 1938 жылы туған қарт кісі, Chevrolet Niva көлігімен Петропавлдан Ақжар ауданындағы Киевское ауылына аттанып, содан бері хабар-ошарсыз кеткенін жеткізген.

"Ақжар ауданы полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Марат Нұрахметов тез арада іздеу шараларын ұйымдастырып, төрт  жедел іздеу тобын құрды. Белгілі болғандай, көлік сынып, ауыл арасындағы жолда тоқтап қалған", — деп мәлімет берді полиция.

Түн ортасы әрі елді мекендердің арасы өте алыс болғандықтан, оның үстіне жүргізуші мен жолаушылардың ұялы байланысы болмауы салдарынан іздеу жұмыстары айтарлықтай қиындайды. Таңға жуық жүргізуші Ақжарқын ауылына жетіп, өзінің қайда екенін хабарлапты. Оның келген ізі бойынша тоқтап қалған көлік пен жолаушыларды іздеп табады.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Жандос