Асхат Аймағамбетов: Мектеп отбасының орнын толық алмастыра алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Семейде қыста тірі шақалақты қоқысқа тастаған": полицей қыз бен жігіт сотталып жатыр

"Семейде қыста тірі шақалақты қоқысқа тастаған": полицей қыз бен жігіт сотталып жатыр
ашық дереккөз

Семейде жаңа туған сәбидің өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Абай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

HALYQSTAN арнасының хабарлауынша, оқиға биыл 3 ақпанда болған. Сол күні Семейдің сол жағалауындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған.

Тергеу барысында 2005 жылы туған қыз бен 2000 жылғы ер адам анықталған. Сотта айтылған мәліметке сәйкес, олар 2025 жылдың қаңтарында танысып, кейін қарым-қатынас орнатқан. Қыз жүкті болғанын білгенімен, бұл туралы жігітіне айтпаған.

Ақпан айының басында түнде қыздың толғағы басталып, ол үйдегі дәретханада босанған. Кейін жігітіне хабарласқан. Ер адам келген соң, қыз сәбиді оған берген.

Сотта жария болған мәлімет бойынша, ер адам баланы көлікпен Ломоносов көшесіне апарып, қоқыс контейнеріне қалдырған. Сараптама мен сотта қаралған материалдарға сәйкес, сәби тірі болған және кейін суықтан қайтыс болған. Осылайша, баланың өлі туғаны туралы қыздың бастапқы нұсқасы расталмаған.

Іс бойынша тағы бір маңызды дерек сот барысында белгілі болды. Бұған дейін Абай облысының полиция департаменті күдіктілердің полиция қызметкері емес екенін мәлімдеген еді. Алайда қазіргі сот отырысында олардың оқиға болған кезде ішкі істер органдарында жұмыс істегені айтылды.

Прокурор жарыссөз кезінде қызға Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 шілдедегі рақымшылық туралы заңға сәйкес, оны жазадан босатуды ұсынды.

Ал ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау сұралды. Мемлекеттік айыптаушы екі сотталушыны да арнайы атақтарынан айыруды талап етті.

Қорғау тарапы айыпты Қылмыстық кодекстің 104-бабына, яғни абайсызда қазаға ұшырату бабына қайта саралауды сұрады.

Іс бойынша үкім әлі шыққан жоқ. Сот талқылауы келесі отырыста жалғасады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі