«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қапшағайда жарылыс болып, бір адам қаза болды

Қапшағайда жарылыс болып, бір адам қаза болды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Алматы облысы Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, сол жерде жұмыс істейтін жас жігіт қаза болды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 наурыз — Sputnik. Қапшағайда Қапшағайда металл қабылдау орнында снаряд жарылып, 24 жастағы жігіт қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға жайлы ақпарат бүгін әлеуметтік желіде тарап кетті, оқиға орнынан фото мен видео жарияланды.

Қапшағайда 14 наурызда сағат 13:30-да металл қабылдау пунктерінің бірінде жарылыс болғаны хабарланды. Бір күн бұрын қабылданған заттардың ішінде жатқан снаряд жарылған. Салдарынан осы жерде жұмыс істейтін 24 жастағы жігіт қаза болды.

Тағы оқыңыз: Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео

Жергілікті билік әзірге бұл оқиғаны растаған жоқ. Алматы облысының полиция департаменті баспасөз қызметі де әлі түсініктеме бермеді.

Қапшағай маңында әскери құрылымдар бар екені белгілі,

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, снарядты металл қабылдау орнына тапсырғандар анықталды. Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан