Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қапшағай тас жолында апатқа ұшыраған көліктердің саны 30-дан асып кетті

Қапшағай тас жолында апатқа ұшыраған көліктердің саны 30-дан асып кетті

Жол апатына тап болған көліктердің иелері көліктерінен түсіп, аязды күні жол шетінде тұруларына мәжбүр болды.

Алматы облысының Ынтымақ және Өтеген батыр ауылдарының аралығында күл-талқаны шыққан 30-ға жуық автокөлік тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейбір көліктер бір-бірімен қақтығысса, енді бірі жол жақтауларына соғылған, тағы бірі жол шетіндегі сайға түсіп кетті. Апатқа ұшыраған көліктердің иелері көліктерінен түсіп, аязды күні жол шетінде тұруларына мәжбүр болды.

Қапшағай тас жолындағы көліктердің жаппай қақтығысуы бүгін, 10-қаңтар күні таңертең орын алған болатын. Кейбір деректерге қарағанда, жаяу адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Қақтығыстан қашпақ болған жүргізушілер бірден тежегішке басып, соңы алапат ЖКО әкеп соқтырды.

Жүргізушілер тұман мен көктайғаққа қарамастан қауіпсіздік шараларын сақтамай, айтарлықтай жоғары жылдамдықта қозғалуда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Арман