Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қапшағайда 20 жасар қыз бен жігіт суға батып кетті

Қапшағайда 20 жасар қыз бен жігіт суға батып кетті

Алматы облысының Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында шомылуға арналмаған жерде суға түскен екі жас қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 1 шілде күні «Жаса» демалыс аймағы маңында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы ТЖД-не суға түсу кезінде екі жастың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін демалушылар жағалаудан шамамен 30 метр қашықтықтан 2006 жылы туған қыздың денесін судан алып шыққан.

Екінші адамды іздеу үшін Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары дереу басталды.

Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасып, 2 шілде күні таңертең құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалауынан 2004 жылы туған жігіттің мәйітін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қаза болған қызбен бірге суға түскен.

ТЖМ азаматтарды шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған орындарға суға түспеуге, тек қауіпсіз жағажайларды таңдауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.