KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қаңтарда ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкерге сот үкім шығарды

• KZNEWS

Алматы әскери сотында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде бейбіт тұрғындардың көлігіне оқ жаудырған әскери қызметшіге үкім шығарылды. Бұл жағдайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіт қаза тапты.

Сот Талдықорған десанттық-шабуылдау бригадасының 33 жастағы қызметшісі Серікбол Мұратхановты "лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша алты жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Ақпарат: t.me/zakonkz

Фото:  almaty.tv

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →