Желіде жеке өміріне қатысты түрлі әңгіме өрбігеннен кейін танымал әнші Рүстем Жүгінісов көпшілікке үн қатты, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі бұл мәселеге байланысты пікірін өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған. Ол жұртшылықтан жеке өміріне араласпауын сұрап, отбасылық жағдайын талқылауды доғаруға шақырды.
«Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Өзім білемін қанша қатын алсам да», – деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, бұған дейін 23 жастағы бойжеткен әлеуметтік желіде өзін Рүстем Жүгінісовтің екінші әйелі екенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар ол әншінің үшінші рет некеге тұрғанын да алға тартқан еді. Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, түрлі пікірталас тудырды.