Шоу-бизнес

«Шоқынып кеткен бе?»: Рүстем Жүгінісов мұз ойып суға түсіп, жұртты шулатты (ВИДЕО)

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
«Шоқынып кеткен бе?»: Рүстем Жүгінісов мұз ойып суға түсіп, жұртты шулатты (ВИДЕО)
Фото: Бейнежазбадан кескін

Танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің мұздай суға түскен видеосы желіде жұртты екіге бөлді. Көпшілік бұл әрекетті христиандардың шоқыну күнімен байланыстырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған видеода әншінің аязды күні мұзды суға түскені көрінеді. Қыс ішінде суға шомылу – біреулер үшін шынығу, біреулер үшін белгілі бір діни дәстүрдің белгісі сияқты қабылданады. Ал дәл осы тұста көпшілік Рүстем Жүгінісовтің мұндай қадамға не үшін барғанын түсіне алмай, түрлі болжам айта бастаған.

Пікір жазғандар арасында «мұсылман бола тұра неге дәл осы күні?» деген сауал жиі кездеседі. Кей қолданушылар бұл әрекетті еліктеу деп бағалап, «исламда мұндай жоқ» деген уәжін алға тартқан. Тағы бір бөлігі «Жаңа жылда шырша туралы қатты сөйлейміз, ал мұнда неге үнсізбіз?» деп, қоғамдағы қос стандартты сөз еткен.

Желі қолданушыларының жазбасында «Негізі исламда жоқ қой суға шомылу қыста», «Еліктеу дұрыс емес», «Шоқынып кеткен бе?» деген сияқты пікірлер де бар. Кейбірі әншінің «бисмилла» айтып түскенін сынға алып, «Мыналар өзі қай дінде жүргендерін біле ме?» деп ашық жазған. Қалай болғанда да, бір видео жұрттың діни ұстаным, дәстүр, жеке таңдау туралы талқысын қайта қозғап отыр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz