Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қандастардан қай жері артық?” - Қазақстан азаматтығын алған ресейлік блогер елдің ашуын туғызды

“Қандастардан қай жері артық?” - Қазақстан азаматтығын алған ресейлік блогер елдің ашуын туғызды
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде қоғам белсенділері Қазақстан азаматтығын алған Ресей азаматына қатысты пікір білдіріп, оның азаматтық алу заңдылығын құзырлы органдардың тексеруін талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Белсенді Есбол Нұрахметтің айтуынша, тарихи Отанына оралған көптеген қандастар ұзақ уақыт бойы азаматтық ала алмай жүргенде, Қазақстанға жақында келген шетел азаматтарының қысқа мерзімде азаматтық алуы қоғамда сұрақ туғызады.

«Қандастар азаматтық ала алмай қан қақсап жүргенде, Қазақстанға келген Ресей азаматына қысқа уақытта азаматтық берілуі түсініксіз», – деген пікір білдірді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін тағы бір қоғам белсендісі де осы мәселеге назар аударып, Ресейден келген азаматтың Қазақстан азаматтығын қандай негізде және қандай рәсім бойынша алғанын құзырлы органдардың тексеруін сұраған.

Қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты мемлекеттік органдар ресми түсініктеме жариялаған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.