Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қанат Исламның келесі кездесуі туралы тың ақпарат шықты

Қанат Исламның келесі кездесуі туралы тың ақпарат шықты

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі қарсыласы анықталды. Отандасымыз келесі кездесуін мексикалық Хесус Гурролаға (27-3-15, 14 КО) қарсы өткізеді.

BoxRec порталының ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткізеді. Бұл отандасымыздың соңғы бір жылдағы бірінші кездесуі болмақ.

Соңғы рет Қанат Ислам 2019 жылдың 26 қазанында шаршы алаңға шығып, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Бұл кездесу ол WBO International белбеуін иеленген болатын.

Ал 32 жастағы Гуррола болса кәсіпқой бокста 45 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жекте жеңіске жетсе, 15 кездесуде жеңіліп, 3 айқаста қарсыласымен тең түсткен. Ол жекпе-жектерінің басым бөлігін Мексикада өткізген.

vesti.kz

Автор
Данияр