Белгілі боксшы Қанат Ислам Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының кеңесшісі болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Kazinform агенттігің жазуынша, спортшының жаңа қызметке кіріскенін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мәлімдеді.
Ол Қанат Исламның әлемдік рингте Қазақстанның намысын қорғап қана қоймай, ұлт мүддесіне жанашыр азамат ретінде де танылғанын атап өтті.
"Қанат Исламды қауымдастық жұмысына шақырудағы мақсатымыз – жас ұрпаққа үлгі көрсету. Құрылтайға қатысып отырған балалардың арасынан да елге адал қызмет ететін азаматтар өсіп шықсын деген ниет бар. Алдағы уақытта оның ел игілігі жолында атқаратын жұмысы көп болады деп сенеміз", – деді Зауытбек Тұрысбеков.
Бұл туралы ол Бурабайда өтіп жатқан "Атамекен" халықаралық балалар құрылтайында айтты.