KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қанат Ислам рингке қайта оралады: жеңілмеген боксшының қарсыласы кім?

KZNEWS
Қанат Ислам соңғы рет шаршы алаңға екі жылдай бұрын шықты, аяғынан жарақаттанған боксшы ұзақ уақыт емделді
Қазақстандық боксшы Қанат Исламның Алматыда өтетін жекпе-жекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Боксшының келесі қарсыласы – 36 жастағы доминикандық Хулио де Хесус (27-1, 24 КО). Жекпе-жек Алматыда бесінші шілдеде өтеді. Боксшылар бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental атағы үшін таласады,

"Сіздердің қолдауларыңызға сенемін! Жақында көрісеміз!", - деп жазды Қанат Ислам Instagram-дағы парақшасында.

Қанат Ислам соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қыркүйегінде шықты, ол Астанада канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ол WBA Inter-Continental және WBO NABO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері. Боксшы АҚШ-та жаттығады.Кәсіби бокста спортшы 25 жекпе-жек өткізді, барлығында қарсыласынан басым түсті. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Қанат Исламның аяғынан алған жарақатын емдеп, қатарға қосылғанын хабарлаған еді.
sputniknews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары