"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қамаудағы Боранбаевқа тиесілі McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатты

Қамаудағы Боранбаевқа тиесілі McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатты

McDonald's Қазақстанның барлық қаласындағы мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



"Қазақстандағы McDonald's 18 қарашадан бастап жергілікті жеткізушілердің жұмысындағы шектеулерге байланысты өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталмыш компанияның мейрамханалары Қазақстанның бірнеше қаласында бар. Атап айтсақ  Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24  мейрамхана 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстандағы McDonald's франшизасының иесі –  экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның бұрығны құдасы Қайрат Боранбаев. Қазір ол кквазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауда отыр.

Автор
Нұрсұлтан