Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қаламқас» кен орнындағы өртті екі күннен бері сөндіре алмай жатыр - Қазақстан жаңалықтары

«Қаламқас» кен орнындағы өртті екі күннен бері сөндіре алмай жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Екі күннен бері өртеніп жатқан «Қаламқас» кен орнына Атырау облысының аймағынан өрт сөндірушілер мен қосымша жабдықтар жібірелді.

Бұл жөнінде Sputnik тілшісіне Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

«Қаламқас» кен орнында өрт әлі жойылған жоқ. Атырау облысынан көмек келді. Оларда осындай өртті сөндіруге арналған арнайы техника бар. Қазір қашықтық алыс, өрт сөндірушілер жолда келе жатыр. Автомобильдер жақындастырылып, оны сөндіруге тырысады», - деді Нұрахметов.

Сонымен бірге, 26 наурыз қарсаңында өртті сөндіруге Ақтау өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен жабдықтары да қатысты.
Қазіргі уақытта өрт сөндіруге 83 адам мен 20 техника жұмылдырылды Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 30 адам және 8 техника  өртпен күресуде. Атырау облысынан 7 адам мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.
Жобаланған тереңдігі 903 метр болатын 8237 ұңғыманы бұрғылау кезінде газ суы қоспасы шығарылды. Осыған байланысты «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына қатысты тексерулер жүргізілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13-24 наурызға аралығында «Қаламқас» кен орнында арнайы су ерітіндісін енгізу арқылы газ-су қоспасының эмиссиясын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Алайда 25 наурызда ұңғымада 8232 ұңғымасында газ суы қоспасы жана бастады.

Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас» кен орнындағы өртті жою жұмыстары оның жеке бақылауында екенін айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


stan.kz
Автор
Жандос