KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қала күнінде ән салған Қайрат Нұртас үлкен сынға қалды

Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әншінің дауысы қарлыққанын байқауға болады. Бұл жайт желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды.

«Даусына не болды екен?», «Қайраттың дауысы сыр беріпті», «Өзін күтпесе, дауысынан айырылып қалуы мүмкін», «Әлде ішімдік ішіп алған ба?» – деп жазды оқырмандардың бір бөлігі.

Сонымен қатар кей тыңдармандары оның жағдайын түсіністікпен қабылдап, «Көп еңбектеніп жүр, шаршаған болуы мүмкін», «Адам болған соң даусы отырып қалады ғой», – деп қорғап шыққан пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас ұзақ жылдар бойы қазақ эстрадасында үздіксіз еңбек етіп, еліміздің ең танымал әншілерінің біріне айналған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →