«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртастың жары өзін өзге келіндермен салыстырғандардың сазайын берді

Қайрат Нұртастың жары өзін өзге келіндермен салыстырғандардың сазайын берді
Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова Айдарбековтер әулетіндегі үш келінді бір-бірімен салыстырғандарға жауап берді.

Ол әр адамның өзінше жеке тұлға екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Сондықтан әншінің жары өзін өзгемен салыстыру тіптен орынсыз деп санайды. Егер осылай жалғаса берсе Жұлдыз шатақ мінезін де көрсетіп қалуы мүмкін.

"Әр адам – индивид. Біреуді біреу салыстырмай, өзіміздің кешегіміз бен бүгінімізді салыстырғанымыз пайдалырақ болар. Желіде бізді де салыстыру орынсыз. Ортаншы келін Әйгерімнің өзіне жарасымды талдырмаш болмысы бар. Ал кеше ғана әулетке жас келін болып түскен Жібекті "Неге күлмейді, түсі суық" деп жерден алып, жерге салып жатырсыздар. Жаны таза, ең алғаш танысқан сәттен бастап "жеңге" деп құрақ ұшып тұрады", – дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.


Осыдан үш күн бұрын Қайраттың інісі Заңғар үйленді. Сол тойда әнші мен оның жары Жұлдыз жас жұбайларға неке жүзігін таққан еді.

Автор
Еркебұлан