"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайрат Нұртас отбасымен ломбада билеп, жаңа челлендж бастады (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Қайрат Нұртас отбасымен ломбада билеп, жаңа челлендж бастады (видео) - Қазақстан жаңалықтары

Қайрат Нұртас отбасылық челлендж бастады. Ол бала-шағасымен, жары Жұлдызбен бірге ломбада биледі. Бұл көрініс желідегі оқырмандарының көңілінен шықты.

Қайрат Нұртас отбасымен өзінің орындауындағы "Ломбада" әніне биледі. Челленджде кенже балаласы Ханның да әкесінен қалмай, билегенін көруге болады. 

"Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді.
Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер.

Осы отбасылық би челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын.
Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер", - деп жазды Қайрат желіде. 

Осылайша әнші көпшілікті үйде болуға шақырды. Үйде отбасымен қалғанда уақытта осылай көңілді өткізуге кеңес береді. 

"Бала-шағаңмен қандай әдемі көрініс. Балалары мәз, әкесі қасында", "Биді қалай күшті билейсің, нағыз хореографсың", "Жұлдыз да, өзің де, балаларың да жақсы билейді, тамаша бастама", - деп жазады желідегілер.


stan.kz
Автор
Еркебұлан