Дубайда демалыста жүрген Қайрат Нұртас қымбат көлікпен түскен видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Алайда желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынға алған деп жазады NUR.KZ.
Қайрат Нұртас. Фото: Әншінің жеке парақшасынан, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Шетелдік көлікті тізгіндегін әншінің мақтанғанын жұрт ұнатпай қалған.
"Мақтана бермеші", "Осы көлікті мініп мақтанғанша, жетім-жесірге көмектессеңші", "Осындай әдеттеріңді қашан қоясыңдар?", "Ішкен-жегені мен мінгенін көрсетіп мәз", "Әншілердің бәрі мақтаншақ", "Мен баламның оқуына деп 500 мың сұрасам бермейсің. Қаншалықты қайырымдылық жасайсыз" деп жазды әншіні сынға алушылар.
Дереккөз: kaz.nur.kz