KZNews.kz
Әлеумет

Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

KZNEWS

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов - Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев - Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Abai.kz


Abai.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары