Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қайыңдыға барар жолда көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Қайыңдыға барар жолда көлік аударылып, бір адам қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа сай, ауыр жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты бағытындағы автожолдың 4-шақырымында тіркелген. Toyota Sequoia маркалы көліктің жүргізушісі белгісіз себеппен рөлге ие бола алмай, автокөлік жол шетінен шығып кетіп, бірнеше рет аударылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол талғамайтын көліктің ішінде шетелдік туристер болған. Олардың өңірге саяхаттау мақсатында келгені айтылады.

Департаменттің хабарлауынша:
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, — делінген ресми мәлімдемеде.

Құlaw органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын бастап кетті. Қауіпсіздік шараларына сәйкес, көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.