Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты
Фото: "Мой город"

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жаңгелдин ауылындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевті кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, сот оны адам өлтіруден бөлек, алаяқтық, ұрлық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иемдену және оларды жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

Атырау облысының Жаңгелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал 2026 жылғы 6 қаңтарда шаруашылық құрылыстарының бірінен отбасы отағасы Мақсот Қарабалин мен жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылды. Кейін тергеу олардың денесінде пышақ жарақаттары болғанын хабарлады.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, Наурыз Мұқанғалиев 2025 жылдың мамыр айында көз жұмған. Ал отбасының қалған үш мүшесі қараша айында қаза тапқан.

2026 жылғы 9 қаңтарда полиция марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке іздеу жариялады. Кейіннен қаза тапқан ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева да қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінген.

24 ақпанда Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталды. Наурыз айында олар Қазақстанға экстрадицияланып, Атырауға жеткізілді.

Ал 9 шілдеде Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеу оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақ таппаған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі