Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қайтарылған активтер есебінен Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Қайтарылған активтер есебінен Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Фото: Талас ауданы әкімдігі

Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ақкөл ауылында заманауи дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова, прокуратура органдарының өкілдері, денсаулық сақтау саласының басшылығы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Заманауи талаптарға сай бой көтерген медициналық нысан бір ауысымда 45 адамды қабылдауға қауқарлы. Амбулатория қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Ақкөл ауылдық округінде бүгінде 1 946 адам тұрады. Жаңа амбулаторияда 23 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсететін болады.

Әлеуметтік маңызы бар нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қайтарған заңсыз шығарылған активтер есебінен салынды. Жобаның жалпы құны 285,2 миллион теңгені құрайды.

Салтанатты рәсім барысында қонақтар амбулаторияның материалдық-техникалық базасымен танысып, ауыл тұрғындарын жаңа медициналық мекеменің ашылуымен құттықтады.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары жаңа амбулаторияның іске қосылуы көптен күткен қуанышты жаңалық болғанын айтып, енді сапалы медициналық көмекті өз ауылында алуға мүмкіндік туғанын жеткізді. Олардың пікірінше, жаңа нысан халықтың денсаулығын нығайтып, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға елеулі үлес қоспақ.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.