KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың қызы анасы туралы ел күтпеген сөз айтып, таңғалдырды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ozgeris.info коллажы

Қазақстандағы ең көп талқыланатын жұлдызды жұптардың бірі – Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Бұл жолы жұрт назарын олардың 16 жастағы қызы Алау өзіне аударды, деп жазады ozgeris.info.

Жасөспірім Instagram парақшасында фотосессиядан түсірілген қысқа видеосын жариялап, көпшілікті ойландырған жазба қалдырған:

"Біздің аналар – еркіндігі мен бақытын, өмірін ер азамат үшін құрбан еткен соңғы буын. Бұл салт солармен бірге аяқталуы керек", – деп жазды Алау.

Алаудың бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Пікірлер екі жаққа бөлінді: бірі оның айтқанын орынсыз санаса, екінші тарап оны ойы бар, өзіндік көзқарасы қалыптасқан қыз ретінде қолдады.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары