Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қалыңдықпен түскен видеосы тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары сүйікті әншісінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
“Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен", "Екінші әйелі осы шығар", "Не болып жатыр мына жақта", “Өз теңін тауыпты”, “Неге әйелі бар еркекке құмар екен?!”, "Жай жарнама секілді", "Байлық не істетпейді", – деп жазды көпшілік.
Алаңдаған жұрттың куайымын әншінің анасы басты. Сөзінше, ол келіншекті таниды екен.
“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, тамыз айында әншінің бесінші баласы дүниеге келген еді.
“Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін", – деп концертінде айтқан еді Қайрат Нұртас.