Шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртас әке атанды

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртас әке атанды
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртас әке атанды. Оның отбасында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қуанышты жаңалықты өнер иесінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған, бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгерім дәл қазір бір ханшайымды өмірге алып келді.
Өмірімнің бір бөлігі – құрметті оқырмандарым, көп тілеуі көл деген, өмір есігін жаңа ғана ашқан немеремізге жүрекжарды дұға-тілек күтемін. Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін!
Аллаға сансыз шүкір, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеп отыр. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл қуанышты жаңалық желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, жас отбасыға ақ тілектер жауды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz